Жаңалықтар

26.07.2016
«Жас Актөбе» халықаралық жастар білім беру форум

26-27 шілдеде «Солнечный» демалыс базасында «Жас Актөбе» халықаралық жастар білім беру форумы өтті.
21.06.2016
Қазақстанның ХІI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары

21 маусым.«Шарықтасын өнерім – Тәуелсіздк көгінде» атты Қазақстанның ХІI Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының іріктеу кезеңі өтті.
01.06.2016
"Бар әлем сен үшін" атты мерекелік концерт

1 маусым. 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ретро саябағында "Бар әлем сен үшін" атты мерекелік концерт өтті.
30.05.2016
Веложүріс

29мамыр күні Ақтөбе қаласында «Олимпиада күніне» арналған веложүрісі өтті.
24.05.2016
Ақтөбе қаласында тұнғыш рет шекарааралық Слеті

24 мамыр. Ақтөбе қаласында тұнғыш рет «Жастар – ауыл тірегі» атты ауыл жастарының шекарааралық Слеті өтті.
20.05.2016
"Тәртіп сақшылары" слеті

20 мамыр күні«Достық» лагерінде "Тәртіп сақшылары" отрядтарының облыстық слеті өтті.
13.05.2016
"Жеткіншек" іс шарасы

13-15 мамыр күні "Жеткіншек" атты кәмелетке толмаған жастардың құқық бұзушылықтарын жедел алдын алу іс шарасын өтті.
06.05.2016
«Мамыр -Бейбітшілік. Келісім. Достық.»

6 мамыр күні Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мамыр -Бейбітшілік. Келісім. Достық.» ұранына сәйкес аудан жастары мен жоғары оқу орындарының және техникалық кәсіптік білім беру мекемелерінің студент қыздары, сондай-ақ мектептердің оқушы қыздары жаппай бір мезетте қазақтың ұлттық биі "Қамажайды" ұлттық киімдерімен нақышына келтіріп биледі.
06.05.2016
Әскери-патриоттық концерт

6 мамыр күні 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 71 жылдығына және "7 мамыр - Отан қорғаушы күні" орай Т.Бигельдинов ат.Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының ғимаратында «Біз бірлесіп жеңіске жеттік» атты әскери-патриоттық концерттік бағдарламасы өтті.
06.05.2016
«Қамажай» флэшмобы

Жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент қыздары, сондай-ақ мектептердің оқушы қыздары жаппай бір мезетте қазақтың ұлттық биі «Қамажайды» ұлттық киімдерімен нақышына келтіріп флэшмоб биледі. Қызылды-жасылды киінген әсем қыздарымыздың өнерінен соң патриоттық рухтағы өлеңдер, ұрандар айтылып 25 қыз Тәуелсіздікке тарту ретінде әуеге 25 шар ұшырды
06.05.2016
«Ер есімі – ел есінде» мерекелік шарасы

«7 мамыр - Отан қорғаушы күні» және «9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне»71 жыл толуына орай ағымдағы жылғы6 мамыр күні «Ер есімі – ел есінде» атты мерекелік шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – батыр тұлғалар ерлігіне терең үңіле отырып студенттерді Отанын, Елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ студенттерді Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Шара барысында жастар би билеп, ән айтып мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнайы дайындаған сыйлықтарын беріп, дастархан жайды.
04.05.2016
«Ардагерлердің үйіне мейрам сыйла» акциясы

4-6 мамыр аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған "25 игі іс" республикалық қайырымдылық акциясы мен «Ардагерлердің үйіне мейрам сыйла»акциясы аясында Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Д. Исмағамбетова мен облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Г. Шахабаева бастаған топ ҰОС және тыл ардагерлерін, жалғыз басты қарттардың үйлеріне құттықтап шағын сыйлықтарын сыйлады.
04.05.2016
"Бейбіт тірліктің тұғыры болған Жеңіс"

4 мамыр күні Ақтөбе медициналық колледжінде Тәуелсіздіктің тұғыры болған Ұлы Жеңіске 71 арналған "Бейбіт тірліктің тұғыры болған Жеңіс" атты мерекелік шара өтті
02.05.2016
«Ардагерлердің үйіне мейрам сыйла» акциясы

30 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған "25 игі іс" республикалық қайырымдылық акциясы мен «Ардагерлердің үйіне мейрам сыйла» акциясы аясында зейнеткер Каюдин Геннадий Гаврилұлымен оның жары Ұлы Отан Соғысының тыл ардагері Каюдина Клеопатра Онефриқызын келе жатқан мейрамымен құттықтап барды. Акция барысында жастар арнайы дайындаған сыйлықтары мен тағам салынған пакеттерін ұсынып, ардагердің бақшасын жинастырып берді.
29.04.2016
«БІЗ ӘРТҮРЛІМІЗ – БІЗ ТЕҢБІЗ – БІЗ БІРГЕМІЗ!»

29 сәуір күні М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «БІЗ ӘРТҮРЛІМІЗ – БІЗ ТЕҢБІЗ – БІЗ БІРГЕМІЗ!» атты қалалық байқауы өтті.

Беттер