Жаңалықтар

07.07.2015
«Мәңгілік елдің жастары» атты аулалық шағынфутболдан қалалық турнир өтті

16.06.2015
Жалынды жастардың жеңісі

Өткен жұма күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар жалыны-2015» шығармашылық жобасының қорытынды гала-концерті өтіп, онда ақтөбелік өнерлі жастар марапатталды.
Биылғы «Жастар жалыны-2015» шарасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде — Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аясында қолға алынған. Жоба шеңберінде жыл басталғалы «Шексіз шығармашылық», «Түріміз басқа, тілегіміз бір», «Менің мамандығым — менің мақтанышым», «Намысты жастар», «Жастар арна», «Біз Ақтөбенің таланттарымыз» облыстық байқаулары мен «Street workout» жарысы өткізіліп, оған өңірдің түкпір-түкпірінен мыңға жуық қыз-жігіт қатысты. Салтанатты жиында сөз алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дариға Исмағамбетова жоғарыда аталған сайыстарда жүлделі орын алғандарға сән-салтанатпен дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
16.06.2015
Ақтөбеде "Достық кубогі" атты пікірсайыс турнирі өтті

2015 жылдың маусым айының 13-14 күндері облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы және ҚР Конституцияның 20 жылдығына орай, «Достық кубогі» атты ашық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
03.03.2015
Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың интернет сайты

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың интернет сайты
28.11.2013
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаев жастармен кездесті.

Ү.ж. 28 қарашада Ақтөбе қаласының облыстық достық үйінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.А. Мұсабаев жоғары оқу орындарының студенттерімен, профессорлық-оқытушылық, ұшқыш-нұсқаушылар, инженер-техниктер құрамымен кездесті, сондай-ақ Ақтөбе облысының «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ жастарымен кездесті.
22.11.2013
«Жас ғалым-2013»

2013 жылдың 22 қарашасында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы ММ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары: Ақтөбе, Атырау облыстары бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттары, бірлесе отырып «Қазіргі Қазақстан: білім және ғылым» тақырыбында аймақтық ҒЫЛЫМИ ФОРУМы аясында «Жас ғалым-2013» ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.
19.11.2013
«Іскер жастар» жас кәсіпкерлердің I шекарааралық бизнес форумы

2013 жылдың 19 қазаны күні облыстық Достық үйінің ғимаратында «Іскер жастар» жас кәсіпкерлердің I шекарааралық бизнес форумы» өтті.
30.10.2013
2013 жылдың 30 қазан күні Қобда ауданы, Әлия ауылында «Жастар Отанға» атты облыстық патриоттық форумы өтті.

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 30 қазан күні Қобда ауданы, Әлия ауылында «Жастар Отанға» атты облыстық патриоттық форумының қорытынды кезеңі болып өтті.
10.10.2013
«Мықты тұлғалар» әскери-спорттық акциясы өтті.

2013 жылдың 10 қазанында №7 облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде «Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Жас Қыран» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен колледж студенттерінің арасында «Мықты тұлғалар» әскери-спорттық акциясы аясында сайыс өтті.
10.10.2013
«Шексіз шығармашылық!» атаулы мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы шығармашылық фестивалінің қорытынды концерті мен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

10 қазан күні «Достық» мейрамханасында «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Шексіз шығармашылық!» атаулы мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы шығармашылық фестивалінің қорытынды концерті мен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
25.09.2013
Оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет басшыларымен кезекті кездесу отырысы

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы 2013 жылғы 25 қыркүйекте Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің базасында қаламыздағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет басшыларымен кезекті кездесу отырысын өткізді.
18.09.2013
Хромтау ауданында жастар арасында патриотизм құндылықтарын насихаттау мақсатында «Жастар Отанға» атты облыстық патриоттық форумы өтті.

Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы бойынша облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірім дерұйымының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 18 қыркүйек күні Хромтау ауданында жастар арасында патриотизм құндылықтарын насихаттау мақсатында «Жастар Отанға» атты облыстық патриоттық форумы өтті.
17.09.2013
«Мен өз елімді мақтан етемін!» патриоттық ән және поэзия жанры бойынша байқау өткізілді.

2013 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 13:30 Ақтөбе политехникалық колледжінің мәжіліс залында «Жас Қыран» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Мен өз елімді мақтан етемін!» патриоттық ән және поэзия жанры бойынша байқау өткізілді.
11.09.2013
«Жас Отау - 2013»

2013 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 15.00 облыстық филармония ғимаратында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен «Жас Отау - 2013» атты қала және аудан жас отбасылары арасында облыстық байқауы өткізілді.
23.08.2013
«Жастар нашақорлықсыз өмірді таңдайды» атты қала және аудан жастары арасында облыстық сурет салу байқауы өткізілді

2013 жылдың 23 тамыз күні «Достық үйінің» салтанатты залында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар нашақорлықсыз өмірді таңдайды» атты қала және аудан жастары арасында облыстық сурет салу байқауы өткізілді.

Беттер