Ереже

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ________ № ____
қаулысымен бекітілді
«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже
1. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе облысы аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
2. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
3. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңды орналасқан жері: индексі 030012, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11.1. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе облысының Әкімдігі болып табылады.
12. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер басқарманың заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыста жастар арасында азаматтық-құқықтық тәрбие беру, мәдени құлықтылықты және салауатты өмір салтының берік машықтарын қалыптастыру, шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіншіліктерін дамыту, жастар мен жастар ұйымдарының бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу.
15. Міндеттері:
1) Жастарды мемлекет тарапынан қолдауды қамтамасыз ету;
2) Әлеуметтік-экономикалық салада жастардың қажеттігіне қанағаттану деңгейін анықтау;
3) Жастарды әлеуметтік қорғауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
4) Жастардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын және денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
16. Функциялары:
1) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағдарламасын әзірлеу және Ақтөбе облыстық мәслихатына бекітуге ұсыну;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты саласында мемлекеттік тапсырыстарды өндеуге қатысу;
3) кәсіби білім және оқу техникалық бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік білім тапсырысы негізінде білім ұйымын бітірген тұлғаны жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;
4) білім беру мен тәрбиелеу жүйелерінің ұйымдарына мемлекеттік жастар саясаты саласында әдістемелік және кеңестік көмек көрсету;
5) Ақтөбе облысының аумағында орналасқан өскелең ұрпақты азаматтық-құқықтық және патриоттық тәрбиелеу жұмыстарының қадағалануы мен үйлесімділігін жүзеге асыру және мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асу нәтижелігін анықтауда, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда (қандай меншік түрі болмасын) қазіргі кездегі және кешенді мониторингті жүргізу;
6) Әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және республикада тұратын өзге де этностардың тарихын, дәстүрі мен салтын оқыту;
7) Өскелең ұрпақ арасында азаматтық – патриоттық тәлім – тәрбиені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
8) Жастар арасында өтетін мемлекеттік үдерістерді реттеуге қатысу;
9) Жастар саясаты саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын қадағалау;
10) Студенттік ұйымдардың және жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне мониторингтер жүргізу;
11) Қазақстан патриотизміне тәрбиелеу және оны насихаттау, қоғамды нығайту, ішкі саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу және ұсыныстар жасау;
12) Білімнің және қоғамның басқа да салаларындағы экономикалық, қоғамдық - саяси билік органдарының қызметіне, республика және қала ақпараттарын тарату жүйесін толық жетілдіру Ақтөбе облысы әкімдігінің жұмыстарына қатысу;
13) Қалалық бұқаралық ақапарат құралдарының жастарды азаматтық – патриоттық тәрбиелеудегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүзеге асыру барысын үйлестіру;
14) Республикалық, облыстық және қалалық мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізу аясында Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
15) Ақтөбе облысы әкімдігінің қоғам өмірінің ішкі саясаты және жастар саясатының маңызды мәселелері жөніндегі мәжілісінің құжаттарын дайындауға қатысу;
16) студенттік ұйымдармен және жастардың қоғамдық бірлестіктеріне ақпараттық және әдістемелік-кеңестер ұйымдастыруда көмек көрсету;
17) діни, құқық қорғау, басқа да үкіметтік емес ұйымдармен, ұлттық-мәдени орталықтармен және саяси партиялардың жастар қанатымен, студенттік ұйымдармен және жастар қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
18) саяси жұмыс барысында демократияландыру және ішкі саясат тұрақтылығын нығайтуға бағытталған басқа да іс-шараларды және семинарлар, аймақтық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізуге және дайындауға қатысу;
19) өз құзыреті шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
20) жастар саясаты мәселесі туралы зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
17. Құқықтары:
1) өз құзыреті шегінде міндеттерін орындауы үшін лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік ұйымдардан, сондай-ақ басқа да мекемелерден керекті ақпараттарды сұрастыру.
2) мемлекеттік ұйымдардың лауазымды тұлғаларына, мемлекеттік жастар саясаты саласындағыларға, жас азаматтардың құқытарын ұстануға және сол сияқты мәселелерге, Басқарманың құзыретіне қатысты ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсету;
3) жастар саясатына қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекітуге ұсыну және жетілдіру;
4) гендерлік саясатты жүзеге асыруды қалыптастыруға қатысу.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесіні басшылықты, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) Басқарманың жұмыстарын ұйымдастырады және сол жұмыстар үшін жауапкершілікте болады;
2) Басқарма қызметкерелерінің міндеттері мен деңгейін анықтайды;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерін қызметке тағайындайды, босатады және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
4) өз құзыретіне сәйкес, бұйрықтарды шығарады және сол бұйрықтарды басқарма қызметкерлерінің орындауын қадағалайды;
5) Басқарма бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді;
7) өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдай алады.
8) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25 Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жосапры бойынша өзінебөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұыймдастыру және тарату
26. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы кәсіпорындардың (ұйымдардың) тізбесі
«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.