«Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы»мемлекеттік мекемесінің Ережесінбекіту туралы

«Ақтөбе облысының жастар саясаты
мәселелері басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ереже бекітілсін.
2. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақтөбе облыс әкімдігінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 269 «Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысының 2 тармағы және Ақтөбе облыс әкімдігінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 213 «Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 269 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев