Ақтөбе қаласының студенттерімен кездесу

2015 жылдың қаңтар – наурыз айлары аралығында Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын, "Жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын талқылау және түсіндіру, жастар арасында құқық бұзушылықтың, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жоғарғы және кәсіптік, техникалық білім беру ұйымдарының студенттерімен кездесулер кестесін бекіткен болатын. Осылайша, 18 оқу орны қамтылды. Әр кездесу барысында жемқорлықтың алдың алу жөнінде Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері баяндама оқып, ақпараттық кеңестер берген болатын.
Кездесулердін бекітілген кестесі: