Жас ғалымдар Кеңесі туралы ақпарат

Облыста жыл сайын оқу орындары студенттерінің қатысуымен жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, медициналық, ауылшаруашылық және экономикалық ғылым салалары бойынша жастардың ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысуға қызығушылық туғызып, ынталандару мақсатында түрлі форумдар, ғылыми семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылып келеді.
Ортақ істі біріктіру, жастардың кәсіби қалыптасуына ықпалдасу, облысымыздың жас ғалымдарының бастамаларын қолдау, олардың жетістіктерін насихаттау және жастарды ғылыммен айналысуға ынталандыру мақсатында облыс әкімі – Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Ақтөбе облысының жас ғалымдар Кеңесі» құрылды.
Кеңес шеңберінде электронды өнеркәсіп, есептеуіш техника, опто-талшықты техника, бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникациялар, роботқұрылысы, өндіріс, өңдеу, қайта өңдеу ақпараттық технологиялар және т.с.с. салалар бойынша түрлі шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.
2016 жылғы 31 наурыз күні Кеңестің алғашқы отырысы Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылды. Шара шеңберінде ұйымның құрылымы, қызметі мен жоспарлары жөнінде тұсаукесері өткізіліп, өңір басшысы мен жас ғалымдар арасында бейресми пікіралмасу алаңы құрылды.