«Ер есімі – ел есінде» мерекелік шарасы

«7 мамыр - Отан қорғаушы күні» және «9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне»71 жыл толуына орай ағымдағы жылғы6 мамыр күні «Ер есімі – ел есінде» атты мерекелік шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – батыр тұлғалар ерлігіне терең үңіле отырып студенттерді Отанын, Елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу. Сондай-ақ студенттерді Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Шара барысында жастар би билеп, ән айтып мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнайы дайындаған сыйлықтарын беріп, дастархан жайды.