«БІЗ ӘРТҮРЛІМІЗ – БІЗ ТЕҢБІЗ – БІЗ БІРГЕМІЗ!»

29 сәуір күні М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «БІЗ ӘРТҮРЛІМІЗ – БІЗ ТЕҢБІЗ – БІЗ БІРГЕМІЗ!» атты қалалық байқауы өтті. 5 турдан тұратын байқауға 4 команда қатысты. Әр команда әр ұлттың тұрмыс тіршілігн сомдады. Байқау қорытындысы бойынша 3 – орынды қазақ-орыс халықаралық университеті, 2 – орынды М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, 1 – орынды қарсыластарынан әлдеқайда озып көріністерімен көрермендерін тәнті еткен Ақтөбе медициналық колледжі иеленді.Шараға 100 астам жас қатысты.
Шараның мақсаты: Студент жастарға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысу.