«Ардагерлердің үйіне мейрам сыйла» акциясы

30 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылған "25 игі іс" республикалық қайырымдылық акциясы мен «Ардагерлердің үйіне мейрам сыйла» акциясы аясында зейнеткер Каюдин Геннадий Гаврилұлымен оның жары Ұлы Отан Соғысының тыл ардагері Каюдина Клеопатра Онефриқызын келе жатқан мейрамымен құттықтап барды. Акция барысында жастар арнайы дайындаған сыйлықтары мен тағам салынған пакеттерін ұсынып, ардагердің бақшасын жинастырып берді.