«Ардагерлердің үйіне мейрам сыйла» акциясы

4-6 мамыр аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған "25 игі іс" республикалық қайырымдылық акциясы мен «Ардагерлердің үйіне мейрам сыйла»акциясы аясында Облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Д. Исмағамбетова мен облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Г. Шахабаева бастаған топ ҰОС және тыл ардагерлерін, жалғыз басты қарттардың үйлеріне құттықтап шағын сыйлықтарын сыйлады.