Әскери-патриоттық концерт

6 мамыр күні 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 71 жылдығына және "7 мамыр - Отан қорғаушы күні" орай Т.Бигельдинов ат.Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының ғимаратында «Біз бірлесіп жеңіске жеттік» атты әскери-патриоттық концерттік бағдарламасы өтті. Шарада жастар би билеп, ән айтып мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Кейін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнайы дайындалған сықлықтар беріліп, ақ дастархан жайылды Шараға ҰОС ардагері Бургун Мефодий Артемьевич және Тыл ардагері Прихно Александр Федорович қатысып соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Шараға шамамен 100-ден аса жас қатысты.