«Мамыр -Бейбітшілік. Келісім. Достық.»

6 мамыр күні Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мамыр -Бейбітшілік. Келісім. Достық.» ұранына сәйкес аудан жастары мен жоғары оқу орындарының және техникалық кәсіптік білім беру мекемелерінің студент қыздары, сондай-ақ мектептердің оқушы қыздары жаппай бір мезетте қазақтың ұлттық биі "Қамажайды" ұлттық киімдерімен нақышына келтіріп биледі. Қызыл жасылды киінген әсем қыздарбилегеннен кейін патриоттық рухтағы өлеңдер, ұрандар айтылып 25 қыз Тәуелсіздікке тарту ретінде әуеге 25 шар ұшырып, флешмобты аяқтады.Шараның мақсаты – жастарды төл тарихымызды, мәдениетімізді, өнерімізді құрметтеуге шақыру, қыздарымызды әсемдікке, сұлулыққа баулу, ұлттық құндылықтарымызды, оның ішінде ұлттық би өнерін насихаттау, сондай-ақ Тәуелсіздік тойына тарту ретінде олардың жаппай бір мезеттегі белсенділіктерін арттыру.