"Жеткіншек" іс шарасы

13-15 мамыр күні "Жеткіншек" атты кәмелетке толмаған жастардың құқық бұзушылықтарын жедел алдын алу іс шарасын өтті. Шараға ІІД өкілдері, облыстық ресурстық орталықтың мамандары жастар ұйымдарының 30-ға жуық өкілі қатысты. Шараныңмақсаты: түнгі сағат 23.00ден кейін көшеге шыққан кәмелет жасқа толмаған жеткіншектерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, полиция бөліміне жеткізілген жастардың ата-аналарын шақыртып, ескерту жасау.