Ақтөбе қаласында тұнғыш рет шекарааралық Слеті

24 мамыр. Ақтөбе қаласында тұнғыш рет «Жастар – ауыл тірегі» атты ауыл жастарының шекарааралық Слеті өтті.Ауыл жастарының Слетіне Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының, сонымен қатар Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы және Орынбор облыстарының ауыл жастары қатысты. Шара барысында өзге мемлекет пен облыстардан келген делегаттар «Гүлдене бер, Туған Ел!» республикалық марафон-эстафетасы аясында ағаш отырғызып, ауыл жастарының (фермерлер, кәсіпкерлер) және жастар ұйымдарының көшбасшылары жобаларын ұсынды. ашық пікірталас алаңдары, қонақтармен фотосессия, спорттық эстафета мен «Менің ауылым – менің мақтанышым» атты фото байқауы ұйымдастырылды. Шараға 150 жас қатысты.