"Бар әлем сен үшін" атты мерекелік концерт

1 маусым. 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ретро саябағында "Бар әлем сен үшін" атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында жастар аз қамтылған және сал ауруына шалдыққан балаларға тегін балмұздақ пен тәтті сусындар таратылды. "Локомотив" кинотеатрында тегін мультфильмдер көрсетіліп, содан соң «плестэйшн» клубында тегін ойындар ойнатылды. Балалар "Ақтөбе" футбол клубының капитаны Самат Смақовпен естелікке суретке түсті. Шараға 300 жас қатысты.