«Жас Актөбе» халықаралық жастар білім беру форум

26-27 шілдеде «Солнечный» демалыс базасында «Жас Актөбе» халықаралық жастар білім беру форумы өтті. Шараны ұйымдастырушы – «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері бойынша басқармасының» тапсырысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік негізіндегі «Ақтөбедамуы» қоғамдық фонды.
Форумға Астана қаласының «Сократ» жеке тұлға даму орталығының директоры - АйбекСидиков, «Болашақ» жастар қозғалысының көшбасшысы - ДауренБабамуратов, белгілі теологтар, блогерлер Яков Федоров, Өркен Кенжебек , Динара Жаналина қатысты. Форумга Орынбор облысының «Жас қанат» қазақ жастарының орынбор өңірлік қоғамдық ұйымының президенті Руслан чукеевтің жетекшілігімен белсенді жастар өкілдері, Атырау, Костанай, Кызылорда және Маңғыстау облыстары, сонымен қатар Ақтөбе облысының барлық аудандары және Ақтөбе қаласы қатысады, соның ішінде ЖОО лардың жастар ісі жөніндегі ұйымдар, жастар ұйымдары қатысты.
Форумның мақсаты – саясатпен, экономикамен, кәсіпкерлікпен, азаматтық ынтамен қызығушы жастардың инновациялық іс-әрекетіне түрткі беру, сонымен қатар жастар арасында тәжірибе алмасуды және жас тұлға, мемлекеттік құрылым және бизнес арасында бірден бір дискуссиялық алаң орнату.